burger-icon

Жаңалықтар

Кері
Дереккөз: https://www.coventry.ac.uk/news/2024/coventry-university-kazakhstan-campus-primus-education

Coventry University Group Қазақстанда брендтік кампус ашуды қарастыруда

Coventry University Group Primus Education ЖШС еншілес ұйымы болып табылатын University of Astana мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Қазақстанда халықаралық кампус ашу арқылы өзінің жаһандық ауқымын кеңейтуді қарастыруда.

Астанада ұсынылып отырған филиал « Coventry University Kazakhstan » деп аталады және алдағы жылдары кезең-кезеңімен енгізілетін бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының ауқымын кеңейтетін болады.

Сондай-ақ, Coventry University Group және Primus Education ашылатын филиалдың базасында мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Бұл бағдарламалар топ құрамына кіретін Ұлттық оқыту және білім беру институтының (National Institute for Teaching and Education) тәжірибесіне негізделеді. Олардың қатарында Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық білікті оқытушы мәртебесі бар білім беру саласындағы халықаралық сертификат (iQTS with iPGCE) қарастырылады.

Профессор Джон Лэтэм, Британ империясы орденінің иегері (CBE), Ковентри университетінің ректоры: «Біз Қазақстандағы білім берудің болашағына қатысты перспективаны анықтауға бағытталған пікірталастарға қатысу мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымыз.

Біз әлемнің 70-тен астам университеттерімен және колледждерімен серіктестік орнаттық және қазіргі уақытта 21 000-нан астам студенттерге трансұлттық білім беруді ұсынып отырмыз. Біздің желі барлық континенттерді қамтиды және біздің Қазақстанға деген қызығушылығымыз Ковентри университетінің Азиядағы студенттерге қолдау көрсетуге деген ұмтылысын көрсетеді.».

Primus Education президенті Алистер Бартоломью: «Қазақстандағы Ковентри университетінің кампусының ашылуы студенттер үшін де, бүкіл ел үшін де тамаша мүмкіндік болып табылады. Бұл қадам Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін өңірлік білім хабына айналу жөніндегі стратегиялық көзқарасына сәйкес келеді. Академиялық жетістіктерді қолдайтын және озық білім беру тәжірибесін енгізетін прогрессивті мемлекеттік саясат бұл жоспарларға қол жеткізуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз».

Дүние жүзіндегі Ковентри университетінің кампустары туралы көбірек мәлімет алыңыз.